Мүшел дегеніміз не?

Қазақтың ырымы, наным сенімдерінің бірі — мүшелді бәрің білетін боларсыңдар? Міне осы мүшел төңірегінде әңгіме қозғамақшымын. Мүшел дегеніміз — қазақтың және жалпы шығыстың жыл санауындағы ( 1)тышқан 2) сиыр 3) барыс 4) қоян 5) ұлу 6) жылан 7) жылқы 8) қой 9) мешін, маймыл 10) тауық 11) ит 12) доңыз) 12 жыл.